26 қазанда Қарағанды қалалық ПБ Орталық полиция бөліміне медициналық мекеменің 26 жастағы қызметкері хабарласқан. Дәргердің айтуынша, кеңседен белгісіз біреу ақша, құжаттар, банк карталары бар әмиянды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 23 мың теңгені құрады. Аталған факті бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғады.
24 қарашада жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті Сәтбаев қаласының 26 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады.
Полицейлер сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдіктінің, Қарағанды қаласындағы әртүрлі мекемелерінде жасаған үш ұрлыққа қатысы барын анықтады. Оқу орындарының бірінде жалпы құны 90 мың теңге тұратын екі ұялы телефонды қолды қылған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.