Қарағандылық полицейлер жол бойындағы су өткізгіш құбырды ұрланғандарды ұстады.

Қарағандылық полицейлер жол бойындағы су өткізгіш құбырды ұрланғандарды ұстады.
22 қарашада Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданына қарасты Ғ.Мұстафин атындағы ауылдың полиция бөлімінің қызметкерлері мүліктік қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізді. Полицейлер түнгі сағат 1.00 шамасында Ақтау-Теміртау жол бөлігінде жұмыс істеп жатқан екі азаматты байқаған.
Полиция қызметкерлері күдікті адамдарды – 27 және 28 жастағы екі ер адамды ұстады. Олар жол төсемінің астынан өтіп бара жатқан металл су өткізгіш құбырды ұрламақ болғанын мойындады. Келтірілген шығын көлемі 50 мың теңгені құрады. Полиция құбырды тасымақ болған көлікті тауып алды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 24-188-бабы «Ұрлыққа оқталу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.