Қарағандылық полицей – джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды.

Қарағандылық полицей – джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды.
Қарағанды облысы Әкімшілік полиция басқармасының автоинспекторы полиция капитаны Дидар Бәкіжанов Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында өткен джиу-джитсудан кәсіпқой әлем чемпионатында 94 келі салмақта жеңімпаз атанды.
- Бәсеке өте қиын болды. Өйткені, жарысқа 65 елден 1,5 мың спортшы қатысты. Финалға дейін үш жекпе-жек өткіздім. Біріншісі – Бахрейндік қарсыласымен, екіншісі – Қазақстандық, үшінші – финалдық – Әзірбайжан өкілімен, – дейді Д.Бәкіжанов.
Дидардың джиу-джитсумен 31 жасында айналысқанын есте ұстаған жөн. Арада төрт жыл өтті, аз ғана уақыт ішінде ол таң қалдырарлық нәтижеге қол жеткізді. Полицейдің спорттық қызметінің бірегейлігі мен жан-жақтылығын атап өткен жөн. Ол жауынгерлік самбодан, қоян-қолтық ұрыстан, қазақша күрестен, қазір джиу-джитсудан Қазақстанның бірнеше дүркін және халықаралық турнирлердің чемпионы.
– Бұл мүлдем басқа спорт түрі сияқты көрінетін, бірақ олардың барлығы жекпе-жек өнеріне жатады. Әр полицей азаматтарды, Отанды қорғау үшін спортпен айналасу керек», - деп атап өтті Дидар.
Бәкіжановты спорттық шеберлігіне қарап арнайы бөлімшелерге шақыру түскен. Бірақ ол жол полициясында алғаш таңдаған қызметіне адал болып қалды.
– Мені жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету көбірек қызықтырады. Бірақ мен әрқашан арнайы жасақ қатысатын жарыстарға қатысамын, - деді спортшы полицей.
Сондай-ақ полиция капитаны Д.Бәкіжанов Қарағанды облысының джиу-джитсу федерациясының вице-президенті.
«Елімізді әлемдік аренада танытуға мүмкіндік берген Қарағанды облысы бойынша ПД басшысы Ерлан Файзуллинге, ПД облыстық Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Бағдат Кәкімовке және ПД процессинг орталығының басшысы Әкім Исабековке алғысымды білдіремін. », - дейді Дидар.