Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Қарағанды облысының ПД басшылығы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейіне барды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Қарағанды облысының ПД басшылығы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейіне барды.
Тұңғыш Президент күні қарсаңында Қарағанды облысының ПД бастығы Ерлан Файзуллин аумақтық бөлініс басшылары және олардың орынбасарларымен бірге, Теміртау қаласындағы Ұлт көшбасшысының мұражайын аралады. Мұнда экскурсовод полицейлерге Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің қалыптасуы туралы айтып, Ұлт Көшбасшысының негізгі өмірлік белестерін көрсететін мазмұнды экспозициялармен таныстырды.
«Тәуелсіз Қазақстан», «Өз заманының ұлы», «Тұлға феномені», «Қазақстанның болат профилі», «Уақыт ағындары», «Қазақстан жолы» атты алты залдан тұратын мұражайда құнды мәліметтер тұнып тұр. Музейге қойылған жәдігерлер еліміз егемендікке енді ғана қол жеткізген ең бетбұрысты да қиын кезеңде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тау-кен металлургия комбинатынан мемлекет басшысына дейінгі жолын жарқын бейнелейді. Бүгінгі күні, Қазақстан – экономикасы қарқынды дамып келе жатқан, азаматтары болашаққа сеніммен қарайтын республика.
– Біздің мақсатымыз – Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы түсінік алу. Ұлт Көшбасшысы алға қойған мақсат-міндеттерді жүзеге асырудың игілігі үшін еңбек етіп жатқанымыз қуантады, – деді Ерлан Файзуллин.
Айта кету керек, облыстық ішкі істер органдарының жас қызметкерлері Тұңғыш Президент мұражайына тұрақты түрде келіп тұрады. Өйткені, Елбасының өмір жолы – халыққа қызмет етудің жарқын үлгісі.
В преддверии Дня Первого Президента РК руководство ДП Карагандинской области посетило музей Первого Президента РК
Начальник ДП Карагандинской области Ерлан Файзуллин вместе с руководителями подразделений и их заместителями накануне Дня Первого Президента посетил музей Лидера нации в Темиртау. Здесь экскурсовод рассказала полицейским о становлении государственности Республики Казахстан, ознакомила с содержательными экспозициями, отражающие основные жизненные вехи Лидера нации.
А они представлены в шести залах: «Независимый Казахстан», «Сын своего времени», «Феномен личности», «Стальной профиль Казахстана», «Потоки времени», «Казахстанский путь». Размещенные в них экспонаты ярко иллюстрируют тот путь, который Нурсултан Назарбаев прошел путь от горнового металлургического комбината до главы государства в самый переломный и трудный момент, когда страна только обрела независимость. Сейчас Казахстан – республика с динамично развивающейся экономикой, граждане которой с уверенностью смотрят в будущее.
- Наша цель – получить представление о жизни и деятельности Нурсултана Назарбаева. Отрадно, что мы работаем во благо выполнения целей и задач, который поставил на перспективу Лидер нации, - отметил Ерлан Файзуллин.
Необходимо отметить, молодые сотрудники органов внутренних дел области регулярно посещают музей Первого Президента. Ведь его жизненный путь – яркий пример служению народу.