Теміртауда құрылыс алаңынан контейнер мен кабельді ұрлап кеткен.

Теміртауда құрылыс алаңынан контейнер мен кабельді ұрлап кеткен.
11 қарашада Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне 42 жастағы қала тұрғыны арызданған. Арызданушы сауда нүктесін салып жатқанын айтты. Ал бүгін құрылыс алаңына бөлінген жерді аралап, жүз метрлік контейнер мен мыс кабельдің жоғалғанын анықтаған. Келтірілген шығын көлемі 930 мың теңгені құрады. Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғады.
16 қарашада жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 56 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады. Айғақты заттар алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.