8 қарашада Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне оқу орындарының бірінде ұрлық орын алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп, әкімшілік кеңсесінің қызметкері белгісіз біреу екі ұялы телефонды ұрлап кеткенін түсіндірді. Келтірілген шығын көлемі 90 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында полицейлер ізін суытпай күдікті 26 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.