Қарағандыда жасөспірімнің ұялы телефоны мен ақшасын алып кеткен күдікті ұсталды.

Қарағандыда  жасөспірімнің ұялы телефоны мен ақшасын алып кеткен күдікті ұсталды.

Қарашаның 5-і күні Қарағанды ​​қалалық ПБ Орталық полиция бөліміне 18 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәбірленушіні белгісіз бір адам күш қолданып үш ұялы телефон мен 12 мың теңгені тартып алып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 290 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері ізін суытпай, күдікті 23 жастағы жас жігітті анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындады. Айғақты заттар алынды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы «Тонау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта амалдары жүргізілуде.

6 қарашада Қарағанды ​​қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне хабар келіп түсті. Көпқабатты үйлердің бірінің ауласында бір адамды тонап кеткен. Оқиға орнына Қарағанды ​​қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің ең жақын отряды жетті. Мән-жайдыанықтай келе, белгісіз ер адам күш қолданып, 14 жастағы жасөспірімнің ұялы телефоны мен ақшасын тартып алғанын белгілі болды. Келтірілген шығын көлемі 20 мың теңгені құрады.

Полицейлер күдіктіні – 20 жастағы жас жігітті анықтап, ұстады. Айғақты зат тәркіленді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы «Тонау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта амалдары жүргізілуде.