Қарағандыда пәтерден теледидар ұрлап кеткен

Қарағандыда пәтерден теледидар ұрлап кеткен

5 қарашада Қарағанды облысы Абай ауданының ПБ 58 жастағы тұрғыны жүгінген. Ер адам сыртқы есікті құлыптауды ұмытып кеткенін, осыны пайдаланып, теледидарды белгісіз біреу ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген шығын көлемі 300 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 34 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады. Айғақты зат – теледидар алынды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.