Қонақтар пәтер иесінің ұйқысын пайдаланып, пәтерді тонап кеткен.

Қонақтар пәтер иесінің ұйқысын пайдаланып, пәтерді тонап кеткен.

29 қазанда Қарағанды қаласының ПБ Киров полиция бөліміне 43 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу пәтерден жұмысында қолданатын барлық құрал-сайманын ұрлап кеткен. Сонымен қатар, ұры өзімен бірге пәтер иесінің ұялы телефонын алып кеткен. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 114 мың теңгені құрады.

        Мән-жайды анықтай келе, сол күні жәбірленушінің пәтеріне көптеген қонақтар келгені белгілі болды. Қонақтардың бірі үй иесінің ұйқысын пайдаланып, бағалы заттарды қолды қылған. Бұл факті бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

        Полицейлер күдіктілерді - 35 жастағы ер адам мен 44 жастағы әйелді анықтап, ұстады. Олар қылмысын мойындады. Айғақты заттар алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.