Қарағандылық азаматтың ұялы телефонын тартып алған күдікті ұсталды

Қарағандылық азаматтың ұялы телефонын тартып алған күдікті ұсталды

30 қазанда Қарағанды қаласының ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 31 жастағы қала тұрғыны арызданған. Түнгі уақытта үйге  қайтып келе жатып ұялы телефонмен сөйлескен,осы кезде  оның жанына белгісіз біреу жүгіріп жетіп, қолынан ұялы телефонын жұлып алып, қашып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 170 мың теңгені құрады. ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы «Тонау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

        2 қарашада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 22 жастағы жас жігітті анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындады. Айғақты зат тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.