Теміртауда ер адам дәмханадан тұрмыстық техника мен үш қап ұн ұрлап кеткен

Теміртауда ер адам дәмханадан тұрмыстық техника мен үш қап ұн ұрлап кеткен
18 қазанда Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне 28 жастағы кәсіпкерден арыз түсті. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, белгісіз біреудің дәмханаға кіріп, электр шәйнегін, таразыны, микротолқынды пешті, үш қап ұнды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 110 мың теңгені құрады. Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғады.
2 қарашада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 31 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындап,айғақты заттар алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.