Шахтинск қаласының полицейлері елорда тұрғынының ұрланған көлігін тауып берді

Шахтинск қаласының полицейлері елорда тұрғынының ұрланған көлігін тауып берді
27 қазанда Қарағанды облысы Шахтинск қаласының полиция бөліміне Нұр-Сұлтан қаласының 24 жастағы тұрғыны арызданған. Туыстарына қонаққа келген жігіт, көлігін түнгі уақытта көпқабатты үйдің ауласына қалдырған. Таңертең белгісіз біреудің көлікті ұрлап кеткенін анықтады. Материалдық шығын 1 млн 700 мың теңгені құрады. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
31 қазанда жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 20 жастағы жас жігітті анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындады. Айғақты зат – жәбірленушінің көлігі алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.