25 қазанда Қарағанды облысы Абай ауданының ПБ Топар полиция бөліміне, ауылшаруашылығына арналған бұйымдарды өндіретін кәсіпорнынан хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен полицейлер ұрының металл бұйымдарын ұрлағанын анықтады. Бес темір шарбақ, он бес сөре, комбайнның моторы, темір есік секілді ұрланған бұйымдардын шығын көлемі 620 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында полицейлер күдіктіні анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.