Саран қаласында ер адам мас күйінде көлік жүргізген

Саран қаласында ер адам мас күйінде көлік жүргізген
24 қазанда Қарағанды облысы Саран қаласының ПБ патрульдік полиция взводының қызметкерлері «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасына қатысты. Полиция көпқабатты үйдің ауласына бұрылған көлікті байқады.
Тәртіп сақшылары 25 жастағы жүргізуші басқарған көлікті тоқтатты. Медициналық сараптама оның мас болғанын анықтады.
Сонымен қатар, жүргізушінің тамыз айында көлікті мас күйінде басқарғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.