
18 қазанда Қарағанды облысы Нұра ауданының полиция бөліміне 35 жастағы аудан тұрғынынан арыз түсті. Оның айтуынша, түнде белгісіз біреу қораға кіріп, ол жерден алты жылыту радиаторы мен темір қоршауды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 250 мың теңгені құрады.
Полиция қызметкерлері күдіктіні-жәбірленушінің 33 жастағы көршісін анықтап, ұстады. Ер адам ұрланған мүлікті металл сынықтарын қабылдайтын жерге тапсырғанын түсіндіріп, мойындады. Айғақты заттар алынды.
ҚР ҚК 188 -бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.