Балқашта есірткі сатып ұсталған жігіт есірткі сақталатын жеті орынды көрсетті

Балқашта есірткі сатып ұсталған жігіт есірткі сақталатын жеті орынды көрсетті

15 қазанда Балқашта «Рефлекс» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қарағанды ​​облысы Балқаш қаласының ПБ есірткі қылмысымен күрес бөлімінің қызметкерлері 18 жастағы жас жігітті ұстады. Тексеру кезінде күдіктіден  ұнтақ заттан тұратын полиэтилен пакеті алынды.

         Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296 -бабы  бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды.

         Тергеу барысында күдікті марихуананы сақтайтын жеті орынды көрсетті.

         ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша  қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.