
20 қазанда Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қаланың аудандарының бірінде қызмет етті. Сағат 8 -дер шамасында полицейлер жылдамдықты асырып келе жатқан көлікті байқады.Көлікті тоқтатып,тексеру кезінде жүргізушісі ауылдық округтің 31 жастағы тұрғыны болып шықты. Медициналық сараптама жүргізушінің мас күйінде болғанын анықтады.
Сонымен қатар, полиция - 2018 жылдың желтоқсанында құқық бұзушы үш жылға мас күйінде көлік жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын анықтады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 346 -бабы «Көлік құралын мас күйінде басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.