Қарағанды облысында көршісінің ыдыстары мен төсек -орындарын ұрлап кеткен әйел ұсталды.

Қарағанды облысында көршісінің ыдыстары мен төсек -орындарын ұрлап кеткен әйел ұсталды.

18 қазанда 31 жастағы ауыл тұрғыны Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының полиция бөліміне жүгінген. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу жеке үйге кіріп, төсек -орын мен ыдыстарды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 60 мың теңгені құрады. Ұрлық жәбірленуші үйде  жоқ кезде болған.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті 46 жастағы әйелді анықтап, ұстады. Ұсталған әйел арыз берушінің көршісі болып шықты. Күдікті қылмысын мойындады. Айғақты зат тәркіленді.

ҚР ҚК 188 -бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.