
27 қыркүйекте 57 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Октябрь полиция бөліміне жүгінді. Ол белгілі бір алаяқтың алдауының құрбаны болғанын жеткізді.
Жәбірленуші көп қабатты үйдің ауласында болған кезде бейтаныс адам келіп,шұғыл қоңырау қажет екенін түсіндіріп, ұялы телефонды сұраған. Ұялы телефонды алған соң, үйлердің арасына жасырынып қашып кеткен. Келтірілген шығын тоғыз мың теңгені құрады. ҚР ҚК 190 -бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
16 қазанда жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті-32 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.