
14 қазанда Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне, Тәуелсіздік бульварында бір адамды тонап кеткені туралы хабарлама түсті.Жәбірленуші, 53 жастағы қала тұрғыны белгісіз біреудің көшеде оған шабуыл жасап, күш қолданып, 16 мың теңгені алып, қашып кеткен.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті-41 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191 -бабы «Тонау » бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.