
24 қыркүйекте Қарағанды облысы, Жезқазған қаласының ПБ-на 51 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Ол 31 жастағы мүгедек қызының дәрменсіз жағдайын пайдаланып, біреу оның алтын сақинасын тартып алғанын айтты. Келтірілген шығын көлемі 200 мың теңгені құрады. Полиция ҚР ҚК 191 -бабы «Тонау » бойынша қылмыстық іс қозғады. 13 қазанда жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті-38 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындады. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.