
8 тамызда 38 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Октябрь полиция бөліміне жүгінді. Ол кешке жұмыстан үйге қайтып келе жатқанын, сонымен бірге ұялы телефонмен сөйлескенін айтты. Осы кезде белгісіз біреу жүгіріп келіп, оның қолынан ұялы телефонды тартып алып, жоғалып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгені құрады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191 -бабы «Тонау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
12 қазанда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметінің қызметкерлері күдікті-26 жастағы ер адамды анықтап, ұстады, ол қылмысын мойындады. Қазір тергеу жүріп жатыр.