22 қыркүйекте шаруа қожалықтарының бірінің 61 жастағы басшысы Қарағанды облысы, Шахтинск қаласының полиция бөліміне хабарласқан. Жәбірленушінің айтуынша, түнгі мезгілде белгісіз біреу қораға кіріп, жылқыны ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 1 миллион 69 мың теңгені құрады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1 бабы «мал ұрлығы» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
28 қыркүйекте жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметінің қызметкерлері күдікті-Қарағанды қаласының 41 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындап, ұрланған жылқы жәбірленушіге қайтарылды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.