Жезқазғанда автобус салонында құрылысқа қажетті құралды ұрлаған ер адам ұсталды.

Жезқазғанда автобус салонында құрылысқа қажетті құралды ұрлаған ер адам ұсталды.
19 қыркүйекте Қарағанды облысы, Жезқазған қаласының ПБ-на 33 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Ол белгісіз біреудің құны 16 мың теңге болатын тегістеуішті ұрлап кеткенін айтты. Құрылыс саласында жұмыс істейтін жәбірленуші құралды автобус салонында тасымалдап жүргенде,бөгде біреудің ұрлап кеткенін байқамай қалған.
Жедел іздестіру-жедел тобының қызметкерлері ізін суытпай 57 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Айғақты зат алынды.
ҚР ҚК 188 -бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.