Үш аптадан астам уақыт бұрын ұрланған велосипед Қарағанды тұрғынына қайтарылды

Үш аптадан астам уақыт бұрын ұрланған велосипед Қарағанды тұрғынына қайтарылды
31 тамызда 59 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне жүгінді. Ол көпқабатты үйдің кіреберісінен белгісіз біреу велосипед ұрлағанын айтты. Келтірілген шығын көлемі 70 мың теңгені құрады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188 -бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
23 қыркүйекте жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті-32 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындады. Ұрланған велосипед тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.