29 шілдеде Қарағанды облысы Шахтинск қаласының полиция бөліміне қала тұрғыны жүгінген. Жәбірленушінің айтуынша, бір адамдар одан ақша бопсалаған. Аталған факті бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 194 -бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
26 қыркүйекте жедел -іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері - 24 және 19 жастағы күдіктілерді ұстады. Олар кінәсін мойындап, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.