Қарағандыда жас жігіт темір гаражды ұрламақ болған

Қарағандыда жас жігіт темір гаражды ұрламақ болған
24 қыркүйекте 69 жастағы қала тұрғынынан Қарағанды қаласының ПБ Октябрь полиция бөліміне арыз түсті. Зейнеткер жеке үйдің ауласынан белгісіз біреу темір гаражды ұрламақ болғанын айтты. Аталған факті бойынша 24-188-бап «Ұрлық әрекеті» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
26 қыркүйекте жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті-21 жастағы жас жігітті анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.