25 қыркүйекте Қарағанды облысының Приозерск қаласының полиция бөліміне 61 жастағы қала тұрғыны хабарласқан. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу көпқабатты үйдің кіреберісінен темір есікті ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 10 мың теңгені құрайды.
Полиция қызметкерлері күдікті 49 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол есікті темір сынықтарын қабылдайтын жерге тапсырғанын түсіндірді. Айғақты зат алынды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.