Қарағанды облысында 24-26 қыркүйек аралығында «Мас жүргізуші» профилактикалық іс -шарасы өткізілуде. Жыл басынан бері мас күйінде жүргізушілердің кінәсінен он жол -көлік оқиғасы орын алып, 13 адам әр түрлі дене жарақаттарын алды. Бұл ретте ҚР ӘҚБтК -нің 608 -бабы бойынша әкімшілік іс қозғалған 1039 факті анықталды.
- Сондай-ақ, жыл басынан бері Облыстық полиция департаментінің аумақтық бөлімшелерінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-1 бабы «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша 12 қылмыс тіркелді. Олардың ішінде төрт адам қайтыс болды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346 -бабы «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және уытты мас күйінде болған адамның көлік құралын басқаруы» бойынша бір адам қайтыс болған 102 қылмыс тіркелді, - деді облыстық ПД анықтау басқармасының бастығы Алмаз Саламатов.