26 тамызда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының полиция бөліміне телекоммуникациялық компаниялардың бірінен хабарлама келіп түсті. Белгісіз біреу Гүлшат ауылынан екі шақырым жерде орналасқан желіден мыс кабелін ұрлаған. Келтірілген шығын көлемі 6 млн 879 мың теңгені құрады. ҚР ҚК 188 -бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
13 қыркүйекте жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Бұл кінәсін мойындаған 60 жастағы Алматының тұрғыны болып шықты. Айғақты зат тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.