12 қыркүйекте Қарағанды облысы, Жезқазған қаласының ПБ-на, Жезқазған-Сәтбаев тас жолында Кеңгір ауылы маңында белгісіз жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінде тұрған 64 жастағы зейнеткерді қағып, қашып кеткені туралы хабарлама түсті.Жол -көлік оқиғасы салдарынан әйел Жезқазған қаласындағы емдеу мекемесінде қайтыс болды. Оқиға орнына жедел -тергеу тобы келді.Куәгерлердің айтуынша, қара түсті ВАЗ-21099 көлігі болған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында патрульдік полицияның жедел іздестіру тобы күдікті-21 жастағы жігітті анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап ұсталған адамның көлігі тәркіленді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345 -бабы «Жол қозғалысы ережесін бұзу» және ҚР ҚК -нің 347 -бабы «Жол -көлік оқиғасы орнынан кету» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.