Қарағандылық екі тұрғын лифттен металл бұйымдарын ұрлаған.

Қарағандылық екі тұрғын лифттен металл бұйымдарын  ұрлаған.
7 тамызда Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне, белгісіз біреулер кәсіпорындардың бірінің аумағынан лифттен металлдың бұйымдарын ұрлағаны туралы хабарлама түсті. Келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгені құрады.
Жедел іздестіру кезінде Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері, 26 жастағы жүргізуші басқарған Газель көлігін ұстады. Салонда -32 жастағы жолаушы да болған.
Ұсталған азаматтар ұрланған заттарды металл сынықтарын қабылдау пунктіне тапсырмақ болғандарын түсіндіріп, мойындау мәлімдемесін берді. Айғақты заттар алынды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188 -бабы «Бөтеннің мүлкін ұрлау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.