Қарағандылық кәсіпорыннан бағалы заттарды ұрлады.

Қарағандылық кәсіпорыннан бағалы заттарды ұрлады.
5 қыркүйекте ЖШС бірінің басшысы Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне арызбен жүгінді. Белгісіз біреу кәсіпорынның жабдықтары мен қосалқы құралдарын сақтайтын қоймаға кіріп, көліктен екі қар тазалағыш пен алты дөңгелекті ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 5 млн 110 мың теңгені құрады. Оқиға орнында орнатылған бейнебақылау камераларын қарау кезінде ұрының іс-әрекеті анық көрінген. ҚР ҚК 188 -бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
8 қыркүйекте жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 25 жастағы ер адамды ұстады. Ол кінәсін мойындап, айғақты зат тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.