Қарағанды тұрғынының көлігінен ақшасы бар әмиянды ұрлаған әйел ұсталды.

Қарағанды тұрғынының көлігінен ақшасы бар әмиянды ұрлаған әйел ұсталды.
7 қыркүйекте Қарағанды қаласының ПБ криминалдық полициясының қызметкерлері мүліктік қылмыстарының алдын алу бойынша жедел іс -шаралар өткізді. Іс-шара кезінде полиция қызметкерлері бұрын ұрлық жасағанын мойындаған 26 жастағы әйелді ұстады.Анықталғандай, 28 тамызда күдікті базарлардың бірінде болған кезде, қараусыз қалған көліктің салонына кіріп, ақшасы бар әмиянды ұрлаған. Полиция -57 жастағы жәбірленушіні анықтады. Келтірілген шығын мөлшерін 131 мың теңгеге бағалады.ҚР ҚК 188 -бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Полиция ұсталған адамның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.