Қарағандыда көлік ұрлаған жасөспірім ұсталды

Қарағандыда көлік ұрлаған жасөспірім ұсталды
27 тамызда Қарағанды қаласының ПБ патрулдік полиция полкінің қызметкерлері 17 жастағы жасөспірім басқарған көлікті ұстады.Қала көшелерінің бірінде жылдамдықты асырып, кейде тоқтап қалып көзге түскен автокөлікті тексеру кезінде жасөспірімнің көлікті ұрлап кеткені белгілі болды. Ұрланған көлік иесіне қайтарылды.
ҚР ҚК-нің 200 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеу жалғасуда.