Тамыз айының басынан бері Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының полиция бөліміне бір елді мекеннің зиратынан металл қоршаулардың ұрланғаны туралы хабарламалар түсе бастады. Барлық фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188 -бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.Криминалдық полиция қызметкерлері зират маңын бақылауды қолға алды. Бірнеше күннен кейін зиратқа келіп, қабірлердің біріне тоқтаған екі азаматты байқады. Санаулы уақыттан соң полиция қызметкерлері күдікті - 21 және 22 жастағы екі жас жігітті ұстады.Ұсталғандар қабірлердің бірінен шойын қоршауды ұрламақ болғанын мойындады. Сондай -ақ, полицейлер олардың осындай екі қылмысқа қатыстылығын анықтады. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып, шығын көлемі анықталуда.