Қарағандыда 3 миллионға жуық теңгеге онлайн несие рісімдеген алаяқ ұсталды.

Қарағандыда 3 миллионға жуық теңгеге онлайн несие рісімдеген алаяқ ұсталды.
19 сәуірде 48 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне жүгінді. Жәбірленуші әйелдің түсіндіруінше, біреу оған қоңырау шалып, өзін банктердің бірінің қызметкерімін деп таныстырған. Қауіпсіздік үшін деректерді жаңарту керек деп алдаған алаяққа сенген әйел, барлық құпия деректерді айтып берген.Бірнеше күннен кейін оған банктен 2 миллион 900 мың теңге көлемінде, онлайн несие берілгені туралы хабарлама келеді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190 -бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.10 тамызда жедел іздестіру барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 20 жастағы қызды анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындап, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.