14 тамызда 44 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне шағымданды. Белгісіз біреу оның 90 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткенін жеткізді.Анықталғандай, жәбірленуші кафеде жүргенде белгілі бір азаматпен танысқан. Танысудың соңы ұялы телефонның жоғалуымен аяқталды Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті-36 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол мойындады. Ұялы телефон алынып, иесіне қайтарылды.Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188 -бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.