17 тамызда 20 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне шағымданды. Ол белгісіз біреудің спорттық костюм мен 20 мың теңгені ұрлап кеткенін айтты. Жалпы шығын көлемі 58 мың теңгені құрады.Анықталғандай, жәбірленуші көлік жуатын орындардың бірінде жұмыс істейді. Ол клиентке қызмет көрсетумен айналысып жатқанда, біреу киім ауыстыратын бөлмеге кіріп, мүлік пен ақшаны ұрлап кеткен.Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті-31 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап,айғақты заттар алынды.Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188 -бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.