АБАЙЛАҢЫЗ-БАЛАЛАР!

АБАЙЛАҢЫЗ-БАЛАЛАР!
Оқу жылының басталуы қарсаңында, балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу, сондай-ақ Қарағанды облысының аумағында көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын бекіту мақсатында жергілікті полиция қызметі және әкімшілік полиция қызметкерлерінің күшімен барлық меншік нысанындағы мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, «АБАЙЛАҢЫЗ-БАЛАЛАР!» атты жедел алдын алу іс шарасы өткізілуде.
Іс-шараның екі күнінде жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін кемшіліктерді анықтау мақсатында әкімшілік полиция қызметкерлері 80 жуық тексеру жүргізді. Нәтижесінде жергілікті атқарушы органдарға 60-қа жуық ұйғарым берілді.
Сонымен қатар, әкімшілік полицияның ұсынысы бойынша мектептердің жанында жол-көлік оқиғасына жол бермеу мақсатында 15-ке жуық жол белгілері және 2 жасанды жол кедергілері орнатылды, сондай-ақ жол белгілерін жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.Сонымен қатар, жол қозғалысын ұйымдастыруды жақсарту үшін жергілікті атқарушы органдардың атына 20-ға жуық ұсыныстар мен ақпараттар жолданды.Үздіксіз және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету бойынша жұмыс облыстың ПД басшылығының тұрақты және ерекше бақылауында