3 тамызда 55 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне хабарласып, қоршау жасауға арналған алты шарбақты ұрлап кеткенін жеткізді. Үйдің ауласына үйілген материалдарды, түнде белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Келтірілген шығын 66 мың теңгені құрады.Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер күдікті-21 жастағы жас жігітті анықтап, ұстады. Ол ұрланған мүлікті сатуды жоспарлағанын түсіндірді. Айғақты заттар алынды.ҚР ҚК 188 -бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.