5 маусымда Қарағанды облысы Осакаров ауданының полиция бөліміне ауылдардың бірінің 54 жастағы тұрғынынан арыз түсті. Ол үйге белгісіз біреу кіріп, 13 мың теңге көлеміндегі ақшаны ұрлағанын айтты.Жәбірленушінің үйде жоқтығын пайдаланып, ағашпен терезе әйнегін сындырып үйге кірген ұры еркін қимылдап ақшаны алып кеткен. ҚР ҚК 188 -бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.4 тамызда жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні-жәбірленушінің 32 жастағы ауылдасын анықтап, ұстады. Күдікті әйел қылмысын мойындап, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.