Теміртау тұрғынының пәтерінен 10 миллион теңгеден астам ақша ұрлаған ұры ұсталды.

Теміртау тұрғынының пәтерінен 10 миллион теңгеден астам ақша  ұрлаған ұры ұсталды.
2 тамызда 55 жастағы қала тұрғыны Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне хабарласып,пәтерге белгісіз біреу кіріп, ақша мен зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткенін айтқан. Жалпы шығын көлемі 10 миллион 340 мың теңгені құрайды.Анықталғандай, ұрлық жәбірленуші әйел күнделікті жұмысына кеткен кезде болған. Пәтердің есігін кілтпен ашқан ұры ақша мен зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен. Полиция 188 -бап «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғады.4 тамызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 34 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Айғақты заттың бір бөлігі тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.