4 тамызда сағат 21.30 шамасында Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне Аманжолов көшесіндегі үйлердің бірінің жанында тонау болғаны туралы хабарлама түсті. Көп ұзамай оқиға орнына жақын маңдағы патрульдік полиция жасағы келіп, 39 жастағы жәбірленушіге белгісіз біреу шабуыл жасап, тонап кеткенін анықтады. Жәбірленушіге бірнеше рет соққы жұмсап, содан кейін оның қолындағы 5 мың теңге салынған әмиянды, сондай -ақ ұялы телефонды тартып алып, қашып кеткен.
Полиция қызметкерлері күдіктіні -24 жастағы жігітті ұстады. Ол қылмысын мойындап, айғақты заттар алынды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191 -бабы «Тонау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақыта тергеу жүргізілуде.