6 тамызда Қарағанды облысы Абай ауданының ПБ Топар полиция бөліміне ауылдардың бірінің 50 жастағы тұрғынынан Volkswagen Passat автокөлігін ұрлап кеткені туралы хабарлама түсті. Келтірілген шығын көлемі 1 миллион 200 мың теңгені құрайды.Ұрлық түнде болған. Көлік жәбірленушіге тиесілі жеке үйдің ауласында тұрған. Үй иесінің ұйқысын пайдаланып, көлікті от алдырып, қашып кеткен.Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жедел-тергеу тобының қызметкерлері ұрланған көлікті басқарған, жәбірленушінің 18 жастағы ауылдасын ұстады. Ол кінәсін мойындады.ҚР Қылмыстық кодексінің 200 –бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.