Қарағандылық полицейлер ұрланған велосипедті Балқаш тұрғынына қайтарып берді

Қарағандылық полицейлер ұрланған велосипедті Балқаш тұрғынына қайтарып берді
15 шілдеде 34 жастағы Балқаш қаласының тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне хабарласып, белгісіз біреу велосипедті ұрлап кеткенін айтып шағымданды. Келтірілген шығын көлемі 137 мың теңгені құрайды.Ұрлық жанармай құю бекеттерінің бірінің аумағында болған. Полиция оның аумағына орнатылған бейнекамераны қарау арқылы ұрының кім екенін анықтады. ҚР ҚК 188 -бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.2 тамызда жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті-20 жастағы жас жігітті ұстады. Ол қылмысын мойындап, велосипед тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.