28 шілдеде Қарағанды облысы Шахтинск қаласының полиция бөліміне 40 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Анықталғандай, белгісіз біреу жеке үйдің ауласына кіріп, онда тұрған барлық металл ыдыстарды - бөшке, баспалдақ, құбыр, арбаның жақтауын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 42 мың теңгені құрайды. ҚР ҚК 188 -бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.Полиция қызметкерлері металл қабылдайтын жерлерді тексеру кезінде, олардың бірінен ұрланған заттарды тапты. Оларды кім әкелгенін анықтау қиынға соқпады.2 тамызда криминалдық полиция күдіктіні қолға түсірді. Бұл жәбірленушінің 43 жастағы көршісі болып шықты. Ол қылмысын мойындап, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.