Қарағанды облысында шаруа қожалығының қызметкері жұмыскерлерді тамақсыз қалдырды.

Қарағанды облысында шаруа қожалығының қызметкері жұмыскерлерді тамақсыз қалдырды.
18 шілдеде 64 жастағы әйел Қарағанды облысы Ұлытау ауданының полиция бөліміне хабарласты. Жәбірленуші әйел белгісіз біреу шаруа қожалығының аумағында орналасқан жеке үйге кіріп, тоңазытқыштан бір апталық азық -түлікті ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген шығын көлемі 19 мың теңгені құрайды.Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.Полицейлер күдіктінің -40 жастағы ферма жұмысшысы екенін анықтады. Бірақ тәртіп сақшылары оқиға орнына жеткенше, ол қашып үлгерген.29 шілдеде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері ұрыны ұстады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.