Балқашта жүк көлігінің аккумуляторын ұрлаған екі адам қамауға алынды

Балқашта жүк көлігінің аккумуляторын ұрлаған екі адам қамауға алынды
14 шілдеде медициналық мекемелердің бірінің өкілі Қарағанды облысы Балқаш қаласының полиция бөліміне жүгінді. Ол белгісіз біреулер аурухананың автотұрағында орналасқан КамАЗ жүк көлігінен екі аккумулятор ұрлап кеткенін айтты. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.18 шілдеде жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері екі күдіктіні - 32 жастағы ер азаматтарды анықтап, ұстады. Олар қылмысын мойындап, айғақты заттар алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.