Қарағандыда мұғалімнің сөмкесін ұрлап кетті

Қарағандыда  мұғалімнің сөмкесін ұрлап кетті

7 шілдеде Қарағанды ​​облысы, Теміртау қаласының ПБ  Шығыс полиция бөліміне 46 жастағы қала тұрғынының арызы келіп түсті. Жәбірленуші әйел мектепке дейінгі мекемелердің бірінде мұғалім болып жұмыс істейтінін айтты. Шамамен сағат 9.00-де әйел сөмкесінің жоғалып кеткенін білген, оның ішінде төрт флэш-карта бар. Келтірілген шығын мөлшері 20 мың теңгені құрайды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.Балабақшаға кіре берісте орнатылған бейнекамераны қарау арқылы, полиция күдікті 53 жастағы әйелді анықтады. Бұл әйелдің  полицияда ұсақ мүліктік қылмыстар жасауға бейім адам ретінде тіркеуде тұрғаны белгілі болды.12 шілдеде жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері қылмыскерді ұстады. Тәрбиеленушілердің бірінің әжесі ретінде, мектепке дейінгі мекемеге еркін кірген әйел ұрлық жасағанын мойындады. Айғақты заттар алынып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.